Мексикада жер сілкінісінен 139 адам қаза тапты

07:40, 20 қыркүйек 2017

Мексикада күші 7,1 балдық қуатты жер сілкінісі болып, салдарынан 139 адам қаза тапты.

Ақпаратқа сәйкес, табиғи апат ошағы Пуэбла штатындағы Ребосо елді мекенінен 4 шақырым жерден өткен. Жер сілкінісінің кіндігі 51 метр тереңдікте болды. 

Айта кету керек, бұл жер ел астанасы Мехикодан 120 шақырым жерде орналасқан.

The Guardian

Аударған: Г.Абилова

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!