Мексикада үш күндік аза тұту жарияланды

11:22, 21 қыркүйек 2017

Мексика президенті Энрике Пенья Ньето жер сілкінісі құрбандарын еске алу үшін 3 күндік аза тұту жариялады.

Ресми дерекке сәйкес, Латын Америкасының бұл елінде таяуда болған табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 230 адамға жетті.

Қазіргі уақытта мексикалық жедел әрекет ету қызметтері іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осы кезге дейін үйінділер астынан 50-ден астам адам сыртқа аман-есен шығарылды. Бірақ ел бойынша 30-ға жуық бала із-түзсіз жоғалған. 

Жалпы құтқарушы жасақтар жұмыс істеп жатқан жерлерде жұрттан тыныштық сақтауды сұрап отыр. Себебі қираған ғимараттардың астында тірі жатқан адамдардың көмектесуге шақырған дауыстары естілмей қалып жатыр.

Presidencia Mexico

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!