Мексикада песо бағамы долларға шаққанда күрт құлдырады

19:46, 12 қаңтар 2017
489

Нью-Йоркте Дональд Трамптың журналистерге берген сұхбатынан кейін Мексикада песо бағамы долларға шаққанда күрт құлдырады.

Қазір 1 песо - 22 долларға тең. 

Bloomberg ақпараттық агенттігінің мәліметінше, мұндай көрсеткіш бірінші рет тіркелді. Бұл жағдайға қалай да әсер ету үшін Мексика банкі қаңтар айының алғашқы күндері 1 миллиард 800 миллион АҚШ доллары көлемінде валюталық интервенция жүргізді. 

Валютаның құбылуына Трамптың америкалық машина өндірісімен айналысатын кәсіпкерлерге шетелде жасаған көліктер үшін баж салығын көтеретіні жөніндегі ескертуі әсер еткен еді. 

Осы орайда теңге бағамы туралы да айта кетсек. Бүгін Қазақстанның қор биржасында АҚШ долларының орташа бағамы 332 теңге 9 тиын тең болды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!