Мексикада «Лидия» дауылынан 7 адам қаза тапты

11:21, 3 қыркүйек 2017

Мексикада «Лидия» тропикалық дауылынан қаза тапқандар саны 7-ге жетті.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, құрбан болғандар арасында 2 бала бар. Төменгі Калифорния штатында ойран салған дүлей желдің салдарынан үйлер мен жолдар қирап, тұрғындардың көпшілігі жарықсыз қалды. Үш мың адам үй-жайын тастап, уақытша орталықтарды паналауға мәжбүр болып отыр. АҚШ-тың «Дауылдарды бақылау ұлттық орталығы» таратқан мәлімет бойынша, қазір дүлей жел сағатына 19 шақырым жылдамдықпен соғып жатыр. Алайда оның екпіні сағатына 65 шақырымға дейін жеткен. Жергілікті билік апатқа байланысты мектептерді жауып, барлық әуе рейстерін кейінге шегеруге мәжбүр болды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!