Мексикада күші 8,1 балдық жер сілкінісі болды

16:00, 8 қыркүйек 2017

Мексика жағалауында күші 8,1 балдық жер сілкінісі болды.

Ақпаратқа сәйкес, табиғи апат ошағы Чьяпас штатындағы Пальмарсита елді мекенінен 82 шақырым жерден өтіп, кіндігі 69 шақырым тереңдікте тіркелді.

Жер сілкінісінен 5 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың екеуі бала болған.

Табиғи апаттан кейін 10-ға жуық жерасты дүмпуі болып, оны сезінген Мехико тұрғындары қорқып, түн ішінде ұйқылы-ояу далаға жүгіріп шыққан. Афтершоктың ең қуаттысының күші 5,7 балға дейін жеткен.

Енді Мексикаға алай-дүлей цунами соғу қаупі төніп тұр.

earthquaketrack 

Аударған: Г.Абилова

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!