Мексика халқы үш күн аза тұтады

20:28, 9 қыркүйек 2017
687

61 адамның өмірін жалмаған зілзалаға байланысты Мексика халқы екінші күн аза тұтып жатыр.

Бұл туралы ел президенті Энрике Пенья Ньето мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 8 қыркүйекте Мексика жағалауында 8,2 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Одан кейін 300-дей афтер-шок, яғни негізгі сілкіністен кейінгі болатын дүмпулер қайталанды. Тіпті цунами қаупін ескертетін орталық жағалауларда тасқын жүруі мүмкін екенін ескертті. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, табиғи апаттан елдің оңтүстік аудандары зардап шеккен. Мұнда мектептер мен тұрғын үйлер қирап, бірқатар нысанның қабырғасы сөгілген. Ал ел басшысы зілзаланы соңғы 100 жылдағы ең қуатты жер сілкінісі деп атады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!