Мексика астанасында метро көпірі пойызбен бірге бұрқ етіп құлады

11:54, 4 мамыр 2021

© Сурет: twitter

Мексика астанасында метро көпірі құлап, салдарынан 13 адам қаза тапты, 70-ке жуық адам түрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін Universal басылымы төтенше жағдай қызметіне сілтеме жасай отырып, алты адамның қаза тапқаны және 80 адамның жараланғаны туралы хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Мексика астанасының мэрі Клаудия Шейнбаум өз кезегінде метро көпірі пойызбен бірге құлағанын айтты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, төтенше оқиға Мехико қаласының оңтүстік-шығысындағы Оливос және Тесонко станциялары маңында болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!