Меккеде некесін қиған біржыныстылар жұрттың жағасын ұстатты

16:41, 12 қаңтар 2018
379

Сауд Арабиясында болған оқиға жұртты таңғалдырды. Меккеде біржыныстылар некесін қиды, деп жазады Stan.kz.

Біржыныстылардың неке қию рәсімі Мекке маңында өтті. Бұл сәт желіде кең тарап кетті.

Бірі қалыңдықтың, бірі күйеу жігіттің киімін киген екі еркек көпшілік алдында жария түрде некелесті. Қасындағылар жұбайларды құттықтап, шашу шашып жатыр.

Кейіннен Мекке полициясы некелескен азаматтарды анықтап, қамауға алған. БАҚ мәліметтеріне сүйенек, жергілікті прокуратура азаматтардың аты-жөнін құпия ұстап отыр.

Сонымен қатар көрсетілген видеоның шынайы немесе «ойын ретінде» түсірілгені де белгісіз болып отыр. Сондықтан айыпталушы азаматқа әзірге тек «басқа жынысқа тән киім кигені үшін» ғана айып тағылған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!