Медведев қатты жөтелуде, сайлаудан соң партия штабына келе алмады

13:10, 20 қыркүйек 2021

© Сурет: twitter / MedvedevRussia

"Единая Россия" Бас кеңесінің хатшысы Андрей Турчак партия төрағасы Дмитрий Медведев жақында сауығып кетеді деп үміттенеді. Қазір ол қатты жөтеліп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

РИА Новости хабарлауынша, Турчак Медведевтің ауруы жайлы айтып берген. "Единая Россия" төрағасы коронавирус жұқтырды ма деген сауалға Турчак Медведевте "қатты жөтел бар" деп жауап қатты.

Мен оның қатты жөтеліп жатқанын ғана айттым. Оның сауығып кететініне сенемін, - деді ол.

Бұған дейін денсаулығына байланысты дауыс беру аяқталғаннан кейін Медведевтің партия штабына келмегені белгілі болды.

Алайда ол "баршаңызға үлкен ризашылық білдіретінін" айтты, - деп атап өтті Турчак.

"Единая Россия" Бас кеңесі хатшысының орынбасары Евгений Ревенко Ресейдегі сайлауда партияның жеңіске жеткенін жариялады. Фракция тізімде де, бір мандатты округтер арасында да көш бастап тұр. Ревенконың айтуынша, Мемлекеттік Думаға сайлау "бәсекелестік күреспен әділ" өтті.

Бұл ретте "Единая Россияның" басшысы Неверов сайлаудан кейін Дума фракциясының құрамының жартысы өзгеретінін айтты.

Жайна Тәттімбетова


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!