Медбике шылым шегетін және шекпейтін адамның өкпесін көрсетті

10:00, 18 мамыр 2018

Медбике 20 жылдан бері шылым шегетін және дені сау адамның өкпесін салыстырып, арнайы зерттеу жүргізді. Ол екі адамның өкпесін видеоға түсіріп, желіде жариялаған. Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Медбике Аманда Эллер АҚШ-тың Солтүстік Каролина аймағында тұрады. Ақ халатты жан темекі шегу арқылы денсаулыққа қандай зиян келетінін көрсету үшін бейнежазба түсірген.

Темекі түтінінен қарайып әрі тыржиып кеткен өкпеге қараудың өзі қорқынышты. Ал шылымға жоламайтын адамның өкпесі ашық қызыл түсті. Бұған қараған адамның өзі-ақ шылымнан аулақ жүретіні сөзсіз.

Медбике органның тек сыртқы түрін емес, ішкі қызметіндегі айырмашылығын көрсетуге тырысқан. Ол үшін Аманда арнайы аппараттың көмегімен тыныс алу органын үрлеп, оның жұмысын көрсеткен. Темекі шекпейтін адамның өкпесі жеңіл әрі қозғалуы оңай. Сондай-ақ, шылымға құмар адамның өкпесі оттекті өте аз мөлшерде сыйдырып, сақтап, сіңіре алады екен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!