Макрон Лувр ұрыларына ескерту жасады
© Сурет: Х/EmmanuelMacron
Франция президенті Эммануэль Макрон Луврды тонаған қылмыскерлердің сот алдында жауап беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, 19 қазанда болған Луврдағы ұрлық – Франция қастерлейтін тарихи мұраға қол сұғу болып табылады. Бұл туралы мемлекет басшысы X (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасында жазды.
"Луврды тонау – біздің тарихи мұрамызға жасалған қастандық. Біз қымбат бұйымдарды қайта табамыз, ал қылмыскерлер сот алдында жауап береді", – деп жазды Макрон.
Париж прокуроры Лора Бекконың мәліметінше, ұрылар төмендегі бұйымдарды ұрлап кеткен:
Наполеонның екінші жұбайы, императрица Мари-Луизаға тиесілі алқа мен сырға;
1830–1848 жылдар аралығында өмір сүрген патшайым Мария-Амалия мен Нидерланд королевасы Гортензия де Богарнеге тиесілі үш зергерлік әшекей (алқа, сырға және тәж);
Императрица Евгения коллекциясынан төрт бұйым: екі брошь, көйлекке тағатын бантик және тәж.
Сонымен қатар ұрылар Евгенияның тәжін ұрламақ болған, бірақ әшекей сынды күйде табылып, қайтарылған.
Прокуратураның мәліметінше, қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар төрт ер адам іздестіріліп жатыр. Олар беттерін жасырып, оқиға орнынан скутермен қашып кеткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





