Маймыл жаңа туған нәрестені ұрлап кетіп, өлтіріп тастады
Маймыл жаңа туған нәрестені ұрлап кетіп, өлтіріп тастады. Бұл туралы The Telegraph басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Анасы 12 күндік сәбиін емізіп отырған кезде үйге маймыл кіріп кетіп, қолынан сәбиді жұлып алған. Артынша үйден қаша жөнеліпті. Іле-шала маймылдың соңынан әйел де жүгіріп, оны өзге туыстары мен көршілері де қуа жөнеледі. Олар маймылды тамақпен алдап, қолға түсірмек болған. Алайда жануар шатырдың үстіне шығып алып, қашып кетті.
Нәрестені көрші үйдің шатырынан тауып алған кезде, ол тірі болмаған екен.
«Маймыл баланың басын тістеп алып, адамдар өзін таяқпен қуалап, тас лақтыра бастаға кезде, сәбиді лақтыра салып, қаша жөнелген. Қансырап жатқан сәбиді ауруханаға жеткізді. Өкінішке орай, дәрігерлер оның қайтыс болғанын тіркеді», – дейді полиция қызметкері.
Сәбиінің өліміне сенбеген ата-анасы оны басқа клиникаға алып барыпты. Алайда ондағы дәрігерлер де нәрестенің өлімін растады.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады