Мадридте жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

17:15, 21 қаңтар 2021

Испания астанасындағы жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.

Испания билігі біздің дипломаттарға берген ақпаратқа сәйкес, Мадридтегі кешегі жарылыс салдарынан қаза болғандар мен жарақат алғандардың арасында қазақстандықтар жоқ, деп атап өтті ҚР СІМ.

20 қаңтарда Мадридтің орталығында сағат 15:00 шамасында Толедо көшесінде жойқын жарылыс болды. Бес қабатты No 98 үй қирады. Интерактивті карталарға сәйкес, бұл ғимаратта қонақ үй орналасқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!