Лукашенко: Расында, бір орнымда көп отырып қалған шығармын...

17:40, 8 қыркүйек 2020

Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко өзінің бір орнында "біршама отырып қалғанын" мойындады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Иә, мүмкін, бір орнымда біраз отырып қалған шығармын. Мүмкін, мені тек теледидардан ғана емес, үтік пен шәйнектен де көрсете бастаған шығар. Иә. Бірақ, шын мәнінде, қазір Беларусь елін, тек мен ғана қорғай аламын, - деді Лукашенко "Россия 1" телеарнасына берген сұқбатында.

РИА Новостидің хабарлауынша, президенттік сайлау Беларуссияда 9 тамызда өтті, Лукашенко алтыншы рет жеңіске жетті. Ел оппозициясы сайлау нәтижелерін мойындамады, олар сайлауда Светлана Тихановская жеңді деп санайды. Лукашенка 1994 жылдың 20 шілдесінен бастап елді басқарып келеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!