Лукашенко конституцияны өзгертуді ұсынды
Беларуссия президенті Александр Лукашенко алдағы бес жылда ел конституциясын өзгерту жөнінде республикалық референдум өткізу қажет деп санайды. Бұл туралы Лукашенконың сайлауалды бағдарламасында айтылады, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Беларусьпен бірге біз де өзгеріп келеміз. Беларустар ел тағдыры үшін жауапкершілікті өзіне алуға дайын, ол жауапкершіліктің деңгейін халықтың өзі бекітеді. Бірақ заңды жолмен. Көшелерге шығып, алаңдарға жиналу арқылы емес, құқықтық жолмен. Конституциядан бастаймыз, - делінген Лукашенконың бағдарламасында.
Қазіргі мемлекет басшысы "беларустар референдумда өз құқығы мен бостандығын, міндеттерін және мемлекеттік билік органдарының өкілеттіктерін анықтайды", деп мәлімдеді.
Елдегі президент сайлауы 9 тамызда өтеді.
Президент сайлауына қазіргі президенттен басқа "Говори правду" қоғамдық қозғалысының тең төрағасы Андрей Дмитриев, бұрынғы депутат Анна Канопацкая, Светлана Тихановская, "Белорус социал-демократиялық Грамада" партиясының төрағасы Сергей Черечень түсіп отыр.
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады