Лукашенко өзіне тек белоруссиялық вакцина салдыртам деді

17:16, 20 қазан 2021

© Сурет: president.gov.by

Александр Лукашенко коронавирусқа қарсы вакцина алуға дайын, бірақ ол тек белоруссиялық вакцинаны ғана салдырады, деп хабарлайды zakon.kz.

Белта басылымының хабарлауынша, Беларусь президенті Владимир Путиннің "Спутник V" препаратымен, Джо Байденнің - Pfizer вакцинасымен вакцинацияланғанын атап өтті.

Ал маған не? Біз Дмитрий Леонидович Пиневичпен келістік: белоруссиялық вакцина қолданысқа шыққаннан кейін біз соны салдыртамыз. Сондықтан вакцина алайық, мен дайынмын, бірақ өзіміздің белоруссиялық вакцинамызды ғана алам. Шын жүректен, - деді ол.

Сонымен қатар, ол ауруханалардағы ауыр ковид-пациенттер арасында вакцина алған науқастардың жалпы пайыздық үлесі бар екеніне назар аударды.

Тәжірибе көрсеткендей, вакцина алған адамдар азырақ ауырады, ауырса да ауруы қатты асқынбайды. Бұл клиникалық тұрғыдан расталған факт, - деді Белорусия Президенті.

Бұған дейін, РБК атап өткендей, президент шенеуніктерден бетперде режимінің сақталуын бақылауды күшейтіп, белорустарға айыппұл сала бастағаны және мәжбүрлі вакцинаны енгізу туралы талқылау жасағаны үшін жауап беруін сұрады.

Егер сіз Президентке емін-еркін кіре алсаңыз, онда неге адамдарды мазақ етесіз? Маған кірген бір де бір адамнан вакцина алған ба деп сұрамады, ПТР тестілерді талап етпеді, - деді ол.

Президент сондай-ақ маска режимін сақтауды тексеруге назар аударды.

Неліктен полиция маска режимін тексеруге жұмылдырылды? Неге барлық жерде , тіпті әйелдерді тексеруде? - деді ол.

Беларусь Президенті шенеуніктерге егер азаматтардың коронавирустық жағдайға байланысты биліктің әрекеттеріне шағымдары саяси проблемаға айналса, мұның соңы жақсылыққа апармайды деді.

Ол шектеулерді қатаң сақтау және вакцина қарқынын арттыру қажеттілігін атап өтті, бірақ адамдарды мәжбүрлемей, олардан сұрау керек екенін айтты.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!