Лукашенко: Коронавирус нашақорлар мен темекі шегетіндерге жақсы сабақ болды

17:06, 16 сәуір 2020

Александр Лукашенко "коронавирус пандемиясы нашақорлар мен темекі шегетіндерге жақсы сабақ болады" деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Беларусь Президентінің сайтына сілтеме жасап.

Лукашенко есірткінің заңсыз айналымы бойынша сотталғандарға рақымшылық жасауға арналған жиында осындай мәлімдеме жасады.

Нашақорлар мен темекі шегетіндер үшін бұл жақсы сабақ. Біз мұны олардың ауыр пневмонияға шалдығуынан байқап отырмыз. Ал коронавирус пневмонияны асықтырады, - деді Лукашенко.

Оның айтуынша, жаман әдеті бар адамдар пандемиядан кейін салауатты өмір салтына көшуді ұйымдастыру керектігі туралы ойлануы керек.

Беларусь Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 16 сәуірде бұл мемлекетте COVID-2019 инфекциясын жұқтырудың 4 204 жағдайы тіркелген, 40 науқас одан көз жұмған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!