Лукашенко конституцияны өзгертуді ұсынды

10:19, 4 тамыз 2020
1791

Беларуссия президенті Александр Лукашенко алдағы бес жылда ел конституциясын өзгерту жөнінде республикалық референдум өткізу қажет деп санайды. Бұл туралы Лукашенконың сайлауалды бағдарламасында айтылады, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

 

Беларусьпен бірге біз де өзгеріп келеміз. Беларустар ел тағдыры үшін жауапкершілікті өзіне алуға дайын, ол жауапкершіліктің деңгейін халықтың өзі бекітеді. Бірақ заңды жолмен. Көшелерге шығып, алаңдарға жиналу арқылы емес, құқықтық жолмен. Конституциядан бастаймыз, - делінген Лукашенконың бағдарламасында.

 

Қазіргі мемлекет басшысы "беларустар референдумда өз құқығы мен бостандығын, міндеттерін және мемлекеттік билік органдарының өкілеттіктерін анықтайды", деп мәлімдеді.

Елдегі президент сайлауы 9 тамызда өтеді.

Президент сайлауына қазіргі президенттен басқа "Говори правду" қоғамдық қозғалысының тең төрағасы Андрей Дмитриев, бұрынғы депутат Анна Канопацкая, Светлана Тихановская, "Белорус социал-демократиялық Грамада" партиясының төрағасы Сергей Черечень түсіп отыр.


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!