Лукашенко Қазақстанның тәжірибесіне сүйенгісі келеді

16:33, 25 ақпан 2021

© Сурет: belta.by

Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысын байыпты түрде жетілдіру керек, ал кейбір жерін қайта құру қажет. Бұл туралы Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко БР Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Александр Волфовичпен болған кездесуінде айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Сондай-ақ ол, бұл жұмыс жақын елдердегі, мысалы, Ресей мен Қазақстандағы ұқсас құрылымдардың тәжірибесіне негізделуі керектігін атап өтті, деп жазады БелТА.

Әрине, басты мәселе - Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты және төрағасы Президент болып табылатын Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі. Бізге Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі туралы кейбір құжаттарды жетілдіру қажет. Ресей, Қазақстан және бізге жақын басқа мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, мен бұл елдердегі Қауіпсіздік Кеңесінің функциясы, құрылымы қандай екенін білгім келеді, деп атап өтті Белоруссия басшысы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!