Лукашенко белдікпен "тәрбиелеудің" балаға пайдасы туралы айтты

16:54, 7 қазан 2019
407

Александр Лукашенко Ивацевич ауданындағы оқу-жаттығу полигонында отандық қару-жарақ үлгілерін тексеру кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қалай қарсы тұруға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz мемлекет басшысының сайтына сілтеме жасап.

- Мұның бәрі, негізінен, Батыстан алынған. Сондықтан Сіз оған алаңдамай-ақ қойыңыз, ал халық босқа қобалжымасын. Біз бұл ретте тек өз мүддеміз – беларусь, славян дәстүрлері және өмірлік тәжірибемізге сүйенеміз. Бір жерде біреу отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру деп бірдеңені былжырап айта салды. Содан кетті, бұл қазір Батыста сәнге айналған сөз. Жақында оларда отбасы да, бала туатын әйел де болмайды: еркек еркекке үйленеді немесе әйел әйелге тұрмысқа шығады. Ал біз болсақ, сондайлардан отбасылық тәртіптің кейбір нормаларын көшірмелеп аламыз, - деді кекесінен Лукашенко тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес туралы заңның талқыланған тұжырымдамасына қатысты.

Александр Лукашенко балаларды жазалауға қарсы екенін мойындады. Бірақ кейде, оның пікірінше, онсыз тағы болмайды.

- Біз өзімізде қалыптасқан жағдайға сүйенуіміз керек. Белдіктің де кейде балаға пайдасы бар. Әрине, бәрін бірдей сабау керек демеймін. Мысалы, Виктор, үйдің үлкені ретінде менен жиі таяқ жейтін. Ал ортаншы ұлым - Дима Витаның қалай таяқ жегенін көрді, сондықтан ол оның жанында тыныш тұратын. Ең кішіміз - он бес жаста, мен оны мүлде жазалаған емеспін, өйткені ол оған мүмкіндік берген емес.

Бұл біздің салт-дәстүріміз, өміріміз, сондықтан баланы қалай тәрбиелейміз десек, оны өзіміз білеміз. Полицияның ұсыныстарын қарап көреміз. Мүмкін заң жобаларына өзгерістер енгізбейтін шығармыз, оны айналып өтетін бір жол табармыз. Бізде осы мәселелерді қарастыратын Президенттің тиісті директивасы бар, - деп мысал келтірді Беларусь мемлекет басшысы.


Источник: zakon.kz


Пікір