Луценко Италияда өткен тағы бір күндік жарыста жеңіске жетті

22:54, 15 қазан 2021

© Сурет: instagram/lutsenko_alexey

Қазақстандық велокоманда көшбасшысы Алексей Луценко Италияда өткен тағы бір күндік жарыста жеңіске жетті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Серениссима Гравел" тарихта алғаш рет өткізіліп, бірден жұртты таң қалдырды: 132 шақырымдық қашықтықтың өн бойында шабандоздар қиыршық тас жолмен жүйткіп отырды. Былайша айтқанда, біздегі кез келген ауылдың жолымен, деп жазады Sport Schrödinger Telegram-арнасында.

Дүниежүзілік турдың тек төрт командасы ғана бірінші жарысқа қатысуға келісті, кейбіреулері жолдың төсемесіне көңілі толмай, одан бас тартты.

Қиыршықтың болуы тас жол вело жарысында жиі байқалады (тіпті Тур де Франс кезеңінде осындай бірнеше шақырым жол бар), бірақ ол әлі де жеке тәртіп ретінде қарастырылады.

Serenissima Gravel ұйымдастырушылары негізгі жарысты үйымдастырушылар да өз жетістіктерінен шабыт алып, қиыршық тас жол кезеңдерін жарысқа енгізеді деп үміттенеді, бірақ ,әзірге бәрі поп-велоспорт күйінде қабылданады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!