Лотереядан ұтқысы келген ер адам бақсыға барамын деп көзінен айырылды

17:18, 23 қаңтар 2019

Pulse басылымының мәліметінше, 27 жастағы Эммануэль Окаши үнемі лотерея ойнағанымен мүлде ұта алмапты. Сондықтан ол өзіне тылсым күштің көмегі қажет деп тауып, бақсының көмегіне жүгінген. Өз кезегінде ол көздің көруін ерекшелендіріп, бақытты сандарды көруге көмектесетін сұйықтық жасап беріпті. Мұндай сұйықтық көмектесу үшін, оны ішіп, көзге жағу керек екен, деп хабарлайды Stan.kz.

Окаши бақсының айтқанын жасап, сұйықтықты пайдалана бастаған. Артынша ол белгісіз қоспаның салдарынан жағымсыз сезімдер пайда бола бастағанын сезіпті. Біраз уақыттан кейін ер адамның сол көзі ісіп кеткен.

Ауруханаға жеткізілген Окашиге дәрігерлер көмектесе алмады. Салдарынан ол бір көзінен айырылды.

Зардап шеккен ер адамның ағасы болған жайт бүкіл отбасын ауыр тигенін айтты. Олар бұл оқиға туралы ұмытқысы келеді екен.

Ал түсініксіз сұйықтықты жасап сатқан бақсы ауылыдан қашып кетіп, жасырынып жүр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!