Лондонға Қытайдан шыққан бірінші жүк поезды келді

10:58, 19 қаңтар 2017
565

Лондонға Қытайдан шыққан тауар тиелген бірінші поезд келді. Жүк поезді 1 қаңтарда Чжэцзян провинциясынан шығып, Еуразияға 18 күн сапар шекті деп жазады ВВС. 

Оның жолы Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша, Германия, Бельгия және Франция арқылы 12 мың шақырымды басып өткен. Поездағы негізгі жүк — Қытайда өндірілген киімдер мен басқа да тауарлар. Британияға барлығы 34 контейнер тауар жеткізілді.

Алдағы уақытта осы маршрут бойынша поездар апта сайын жіберіледі деп жоспарланып отыр. Идея авторларының сөзінше, поезд арқылы жүк тасу теңізге қарағанда жылдам және ұшаққа қарағанда арзан.

Британия ҚХР-мен тікелей теміржол хабарламасын орнатқан еуропалық 18-ел атанды. Соңғы уақытта Қытай «Жаңа жібек жолы» мемлекеттік жобасының аясында Еуропа елдеріне баратын теміржол саудасын ұлғайтып жатыр.  Жүк жөнелту екі бағытта да жүреді. Еуропадан Қытайға өткен жылы 502 жүк поезді жіберілген. Германиядан ет өнімдері, Франциядан шарап, ал Ресейде ағаш сүргісі тасымалданады.

Қытайдан еуропалық қалаларға қырық шақты теміржол маршруты барады. 2015 жылы қытай экспортының көлемі 2,27 трлн долларды құрады, бірақ бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 2,34 трлн долларға азайған.



Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!