Лондондағы «Манчестер-Арена» стадионында жарылыс болды

09:35, 23 мамыр 2017
560

Кеше, 22 мамырда Лондондағы «Манчестер-Арена» стадионында жарылыс болды. Бұл туралы BBC хабарлады.

Дүйсенбі күні кешке Манчестер орталығындағы поп-концертте жарылыс болды. Полиция болған оқиғаны теракт деп атады. Қазірге дейін 19 адамның қайтыс болып, 50 адамның жараланғаны белгілі.

Жарылыс Manchester Arena залында америкалық поп-әнші Ариана Гранде өнер көрсетіп жатқанда, түнгі сағат 22.30 шамасында болған.

Осыған орай Қазақстанның Лондондағы елшілігі қазақстандықтарға ескерту жасады:

«Құрметті қазақстандықтар, 22 мамырда «Манчестер-Арена» стадионында жарылыс болғаны мәлім. Манчестерде жүрген туыстарыңыз және достарыңызбен хабарласып, олардың қал-жағдайларын білуді сұраймыз.
Жарылыстан зардап шеккен қазақстандықтар табылған жағдайда, оларға уақытылы жәрдем көрсету мақсатында ҚР-дың Лондондағы Елшіліктің Консулдық бөлімімен келесі нөмір арқылы хабарласуды сұраймыз — WhatsApp +44(0)7447470570″, — делінген елшіліктің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!