Лондондағы лаңкестік шабуылды жасаған террористтің есімі анықталды

10:31, 24 наурыз 2017

Лондонда теракт жасаған қылмыскердің есімі – Халед Масуд. 52 жастағы азамат Ұлыбританияда дүниеге келген. Ол бір кездері ұстаз қызметін атқарған.

Бұған дейін қылмыстық істерге қатысы болған көрінеді.

Елдің премьер-министрі Тереза Мэйдің мәлімдеуінше, террорлық әрекеттен қаза тапқандардан бөлек, ондаған адам жарақаттанған. Бұдан бөлек қанди оқиғадан 11 ұлт өкілі зардап шеккен. Олардың арасында Франция, Румыния, Оңтүстік Корея, АҚШ, Қытай, Италия және тағы да басқа мемлекеттің азаматтары бар. 

Террорист өзінің жоспарын жүзеге асыру үшін арнайы Hyundai Tuscon көлігін жалдап алғаны мәлім болды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!