Лондонда жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті

08:16, 19 маусым 2017

Ұлыбритания астанасы Лондонда жүйткіген жүк көлігі бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Куәгерлер апаттан кейін көше бойында 2-3 адамның қимылсыз жатқанын айтады. Әзірге қанша жанның жапа шеккені туралы нақты мәлімет жоқ. Жергілікті полиция қызметкерлері бір күдіктіні тұтқындады. Оқыс оқиға шаһардың солтүстік-шығысында іргелес тұрған Финсбери Парк метро станциясы мен мешіт маңында болған. Қазір мұндағы көшелер жабылып, істің анық-қанығы тексеріліп жатыр. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!