Лондонда шұғыл жағдайда әуежай жабылды

09:18, 13 ақпан 2018
307

Лондон-Сити әуежайы маңындағы Темза өзенінде екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомба табылған. Бұл туралы bbc хабарлады, деп жазады Хабар 24.

Осыған орай барлық әуе рейстері кейінге шегеріліп, әуежай жұмысын тоқтатқан.

Осы күні ұшпақ болған 16 мың жолаушы жолдан қалды. Жарылмаған снарядты судан алып шығу жұмыстары жүріп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!