Лондонда 75 метр биіктікте жүгіру жолағы пайда болды

23:09, 7 қыркүйек 2017

Кеңседе отырып та саламатты өмір салтын ұстануға болады.

Монитордан бас көтермейтін лондондықтар үшін осындай мүмкіндік жасалды. Зәулім бизнес орталығын салған сәулетшілер жұмысшылардың денсаулығына баса назар аударған. Сөйтіп ғимараттың төбесіне жүгіруге арналған алаң орналастырыпты. Енді мұндағы қызметкерлер үзіліс кезінде таза ауамен тыныстап, уақытын тиімді өткізе алады.

Саймон Элфорд, сәулет бюросының негізін қалаушы: 

- Бүгінде адамдар бір орында ұзақ уақыт бойы отырып жұмыс істейді. Сол үшін үзіліс кезінде болса да сыртқа шығып, сергіп қайтуы керек. Нысанда сондай жағдай жасалған.

Жүгіру жолағы 75 метр биіктікте орналасқан. Онда тек серуендеп қоймай, Тұманды Альбионның көз тартар сәулетін тамашалауға болады. Тіпті мұнда кофе ішіп, әңгіме-дүкен құратын шағын дәмхана да бар.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!