Ливия түрмесінен 400 адам қашып кетті

14:13, 3 қыркүйек 2018
315

Жексенбі күні Ливия астанасы Триполиде үкімет әскерлері мен қарулы жасақ арасындағы қақтығыстың өршуі кезінде Айн-Зара түрмесінен 400 сотталушы қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәлімдемесінде айтылғандай, Айн-Зара түрмесінің А секторында қарудың бірнеше рет атылған даусы естілген. Кейін тұтқындар бас көтерген. Түрме қызметкерлерін зорлық-зомбылық жасаумен қорқытып, өздерін босатуды мәжбүр еткен.

Қазіргі кезде қашқындарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Айн-Зара түрмесі Триполидің оңтүстігінде орналасқан. Онда өткен дүйсенбіден бері үкімет әскерлері мен көрші Тарнуха қаласынан шыққан «Жетінші бригада» деп аталатын қарулы жасақ арасында қақтығыс жүруде.

Ливия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, қақтығыстар салдарынан 41 адам қаза тауып, 123 адам жараланған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!