Литва халқы тәуелсіз кандитатты президент етіп сайлап алды

09:25, 27 мамыр 2019
617

Литвада президент сайлауының екінші туры аяқталды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Дауыстарды санау нәтижесінде тәуелсіз кандидат, экономист Гитанас Науседа жеңіске жетті. Оны халықтың 68,4 пайызы қолдап шықты. Оның әйел-қарсыласы, елдің бұрынғы қаржы министрі Ингрида Шимоните 30,3 пайыз дауыс алды. Дауыстар әлі де саналуда, бірақ сайлау нәтижесі одан айтарлықтай өзгермейді.

Литвада президент бес жылдық мерзімге сайланады, қайта сайлану мүмкіндігі бір рет қана беріледі. 2009 жылдан бері елді әйел-президент Даля Грибаускайте басқарып келген, ол 2014 жылы екінші мерзімге қайта сайланған еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!