Қыз зорлады деп айыпталған жігіт түрмеде 18 жыл жазықсыз отырған

15:48, 19 наурыз 2018

Оқиға Польша елінде болды. Томаш Коменда есімді сотталушы қыз зорлап, оны өлтірді деген айыппен 25 жылға сотталған. Алайда 18 жылдан соң кінәсіздігі дәлелденді, деп хабарлайды Stan.kz.

2016 жылы іс қайта қаралып, сотталушының кінәсіздігі дәлелдеген. Бұл іске түрмеде отырған өзге қылмыскер кінәлі болуы мүмкін.

Биылғы жылдың 14 наурызында 23 жасында сотталған жас жігіт Томаш Коменда 42 жасында ақталып шықты. Ол кінәсіз отырғаны үшін көз жасына ерік берді.

“Жігіт ол кезде 23 жаста болыпты. Енді қазір тергеу ер адамның соттың қателігінен түрмеде жазықсыз отырғанын мойындады”, – делінген жарияланымда.

Қыздың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!