Қыз баланы зорламақ болған мас еркекті куәгерлер өлтіре жаздады

11:05, 11 наурыз 2020

Қырғызстандағы Ыстықкөл облысына қарасты Кашат ауылының мас тұрғыны 12 жастағы көрші қыз баланы зорламақ болған, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл жағдай туралы 24.kg сайтына Ыстықкөл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі ақпарат берген екен.

Кәмелетке толмаған баланың анасы құқық қорғау органдарына арыз жазды.

Қаскүнем зорлауға әрекет етпек болған кезде мұны байқап қалған қыздың әкесі мас кісіге жұдырық ала жүгірді. Сосын бір топ көрші-қолаң жиналып, күдіктіні өлім жазасына лайық деп шешіп, өз үкімдерін сол арада орындай жаздады. Алайда қанды қырғынды жергілікті ақсақалдар тоқтатып, милиция шақыртыпты.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Ыстықкөл аудандық сотының шешімімен күдікті екі айға Қаракөл тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!