Қытайлықтар бір апталық «алтын» демалысқа кетті

14:43, 1 қазан 2018
519

Қытай елі бір апталық демалысқа шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

1949 жылы тарихта «Ұлы асыраушы» деген атпен қалған қытай коммунистерінің көшбасшысы Мао Цзэдун 1 қазанды Қытай Халық Республикасының құрылған күні деп жариялады. Содан бері мереке 7 күн тойланып, «алтын апта» деп аталып жүр.

– Биыл ҚХР құрылғанына 69 жыл толды. Елдің басты мерекесінде жұрт жаппай туристік сапарға шығады. Былтыр осы кезеңде 710 миллион адам ел аралап, туристік индустрияның кірісі 590 миллиард юаньды (87 млрд.$) құрады. 2014 жылдан бері бұған тағы бір мереке қосылды. 30 қыркүйек Ерлікпен қаза болған батырлардың күні деп жарияланды. Бұл – Қытай Халық Республикасының тәуелсіздігі мен гүлденуі үшін жанын пида қылған жандарды еске алу күні. Елде осындай 20 миллионға жуық адам бар көрінеді. Алайда олардың 2 миллионы ғана ресми тізімге енгізілген. Қалғандары бауырластар зиратында жерленген. Бүгін мемлекет құруда құрбан болғандарды еске алып, халық қаһармандарына құрмет көрсетілді, - деді Twitter NurBekenov Нұрбек Бекен.

– Меніңше, осы жылдар ішінде Қытай үлкен өзгерістерді бастан кешірді. Елдің дамуы әсіресе, соңғы 40 жылда жақсы қарқын алды. Мен өзімнің қытайлық екенімді мақтан тұтамын, - деді Бейжің қаласының тұрғыны Ляо Ханьюй.

– Мен мемлекетімді сүйемін. Келешекте еліміз одан әрі дамып, мықты бола түсетініне сенемін, - дейді Бейжің қаласының тұрғыны Тао Ли.

Мейрам күні Қытайдың қаласы да, даласы да қызыл түске оранады. Көшелерде, мекемелердің маңдайшаларында Коммунистік партияның алқызыл туы желбірейді. Мерекеде қытайлықтар Тяньанмын алаңына ағылады. Мұнда жыл cайын «Отанға тілек» деп аталатын биіктігі 15 метрлік үлкен гүл орнатылады.

50 жылдары республика күніне арналып орталық алаңда салтанатты әскери парад ұйымдастыратын. Кейін Компартия мұндай шараны әрбір он жылда, оның өзінде айтулы датада өткізу керек деп шешім қабылдады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!