Қытайлық сотталушы түрмеден босап шығуын өзі өлтірген адамның үйінде атап өтті
© Сурет: freepik (AI-generated)
Қытайлық сотталушы жәбірленушінің үйінің алдына 18 үстелге салтанатты дастархан жайып, түрмеден шыққанын атап өтті. Бұл туралы Сян есімді жігіттің желіде таратқан бейнероиктерінен белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
South China Morning Post мәліметінше, Сянь өлтірілген адамның ұлы, Сычуань провинциясының тумасы. Ол әкесінен 15 жасында айрылған. Көршісінің тапсырысы бойынша үш киллер 39 жастағы адамды өзінің жатын бөлмесінде өлтіріп, денесін өртеп жіберген.
Көп ұзамай полицейлер үш киллер мен тапсырыс берушіні ұстады. Олар өлім жазасына кесілген. Алайда, Қытайдың қылмыстық кодексіне сәйкес, егер сотталушы жақсы мінез-құлық танытса, онда өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айрылуға ауыстырылуы мүмкін, ал егер сотталушы жазасын өтеу кезінде өзін оң жағынан көрсете берсе, онда бұл мерзім мүлдем қысқаруы мүмкін.
Осылайша сотталушы 20 жыл түрмеде отырғаннан кейін босап шықты. Артынша, өзі өлтірген адамның үйінің алдында салтанатты шара ұйымдастырды. Қонақтар жергілікті полиция мен шенеуніктер араласқанға дейін тойлады.
Билік өкілдері сотталушымен және оның отбасымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бұған дейін израильдіктердің Газа секторындағы атысты тоқтатуды талап еткені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:10, 29 қараша 2024
Канада тауларында жоғалған турист бір айдан кейін дін аман табылды
-
11:48, 29 қараша 2024
Неміс дәрігері сегіз науқасты өлтірді деген күдікке ілінді
-
13:00, 28 қараша 2024
Ұлыбританияда толассыз жаңбырдың соңы алапат тасқынға ұласты
-
12:20, 28 қараша 2024
Израильдіктер Газа секторында атысты тоқтатуды талап етті
-
16:36, 27 қараша 2024
Өзбекстан қалдық қоқыстан пайдалы шикізат өндіріп келеді