Қытайлық миллионер үш жылдан бері көше тазалап жүр

11:16, 8 қаңтар 2018

Қытайдың Чунцин қаласында тұратын бизнесмен-миллионер Чжун Цунжун үш жылдан бері көше тазалап, қоқыс жинап жүр. RT арнасы осы ерекше миллионер туралы сюжет түсірді, деп хабарлайды Baq.kz.

51 жастағы Чжун Цунжун - жылжымайтын мүлік, өнеркәсіп және автомобиль сату саласындағы кәсіпкер. Оның айтуынша, адам қызметінің жоғары екеніне қарамастан, қоршаған ортасына пайдалы әрекеттер жасауы тиіс.

Бизнесменнің үш жылдан бері көше тазалап, қоқыс жинауына 2015 жылы аралда кездестірген Цинхуа университетінің профессоры себепші болған. Әлгі профессор төрт жылдан бері жағажайды қоқыстан тазартып келген. Кезекті демалыстан оралған соң бизнесмен осы профессордан көргенін жасай бастаған.

Бай қытайлық, тіпті, жақын маңдағы мейрамханаларға барып, қоршаған ортаны таза ұстау туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастаған. Чжун өзінің қызметкерлерін де осылай жасауға шақырады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!