Қытайлық байқауа қазақ қызы керемет өнерімен көрермендердің жүрегін жаулады

11:48, 12 қазан 2020

Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының тұрғыны Мәдина Думанқызы "Ән сал! Қытай" телевизиялық байқауында бақ сынап, Димаш Құдайбергеннің "Ұмтылмас күн" әнін екі тілде орындап, көрермендер мен қазылар алқасының көзайымына айналды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақ қызы өзінің атақты жерлесі, әлемдік деңгейдегі әнші Димаш Құдайбергеннің әнін екі тілде: қазақ және қытай тілдерінде орындап, көрермендер мен қазылар алқасының жүрегін баурап алды. Қытайдың тағы бір этникалық қазағы Мейрамбек Ақсайұлы қобыз бен сыбызғыны әннің мақышына сай керемет орындап, туындыға ерекше реңк берді. Бұл орындау телевизиялық байқаудың 8-бөлімінде көрсетілді.

Көрермендер мен қазылар алқасы әншінің өнерін сүйсіне тыңдады.

Ана тілін жетік білетін Мәдина туралы айтатын болсақ, ол вокалдан бөлек домбыра мен фортепианомен де шұғылданады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!