Қытайдың ірі банктері инклюзивті қаржы бөлімін құрады

15:31, 5 мамыр 2017
506

Қытайдың ірі коммерциялық банктері биыл инклюзивті қаржы бөлімін құруға мәжбүр болады, деп жазды Синьхуа.

Бұл туралы бүгін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцяннің төрағалығымен өткен кезекті отырыста айтылған. Өйткені банктердің елдегі шағын және макрокәсіпорындарды кредиттеуі төмен деңгейде.

Жаңа бөлімдер осы олқылықтың орнын толтырып, шағын компаниялар мен ауыл шаруашылығын, кедейшілікке қарсы күрес пен кәсіпкерлікті қолдаумен айналысады.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!