Қытайдың ғарыш аппараты айға қонды

11:19, 2 желтоқсан 2020

1 желтоқсанда Қытайдың "Чанъэ-5" атты ғарыш аппараты Айға қонды.

Ол онда екі күн болып, Ай қыртысын Жерге жеткізу үшін жинайды, дейді centralasian.org.

Егер миссия сәтті аяқталса, Қытай соңғы 44 жылдан бері Айдағы геологиялық үлгіні тасыған жобаны іске асырған алғашқы мемлекет болып қалады.

Мұндай миссия 1960 жылдардың аяғында және 1970 жылдардың басында АҚШ пен СССР іске асырған. Содан бері көптеген елдердің планетологтары Айдан жаңа үлгілерді күтіп келеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!