Қытайдан жүк пойызы жетті

19:00, 19 қаңтар 2017

Барыс-келісті жеңілдету шаралары қазірден өз нәтижесін беріп жатыр. Қытайдан жолға шыққан алғашқы жүк пойызы Лондонға табан тіреді. 

Көрші елдің Иу қаласынан сапарға аттанған пойыз межелі жеріне 18-ші күні жетті. 

12 мың шақырымды еңсерген құрам біздің елдің аумағы арқылы Ресейге жетіп, әрі қарай Беларусь, Польша, Германия, Бельгия және Франция территорияларын басып өткен. 

Жүк пойызында 32 контейнер болған. Жеткізілген тауардың басым бөлігі киім-кешек, мата және тұрмыстық заттар. 

Енді осы бағыт бойынша аспан асты елінен Кәрі Құрлыққа апта сайын жүк пойызы қатынайтын болады. 

Филиппа Эдмундс, Campaign for Better Transport қозғалысының өкілі  

-Қытайдан теміржол арқылы жеткізілетін тауарлар теңіз арқылы жететін жүкке қарағанда екі есе жылдам келеді. Ал әуе жолымен салыстырғанда анағұрлым арзан. Пойыздан зиянды қалдықтар көлемі ұшақтарға қарағанда 20 есе аз түседі. Бұл экология мәселесінде өте маңызды орынға ие. Қауіпсіздік тұрғысынан да маңызды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!