Қытайда жолаушылар пойызы тоғыз адамды мыжып кетті

10:03, 4 маусым 2021
743

© Сурет: Pixabay

Қытайда жолаушылар пойызын сүйреп келе жатқан локомотивтің жолында болған тоғыз адам мерт болды, деп хабарлайды zakon.kz РИА-ға сілтеме жасап.

Үрімшіден Ханчжоу қаласына бара жатқан жолаушылар пойызы теміржолдағы жұмысшыларды қаққан. Тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлады Қытайдың орталық телевизиясы.

Оқиға Ганьсу провинциясындағы Цзинчан уезіндегі жолдың 401-ші шақырымында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тоғыз жұмысшы қаза тапты. Төтенше оқиға туралы толық ақпарат әлі берілген жоқ.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда, төтенше жағдайдың себептері анықталуда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!