Қытайда жауын-шашын толастамай тұр

16:29, 19 тамыз 2017
514

Қытайдың оңтүстігінде 10 адам нөсер салдарынан болған су тасқынынан ажал құшты.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, апат 192 мың тұрғынға материалдық шығын келтірген. Нөсер Гуанси-Чжуан автономиялық аймағында тамыздың 12-сінен бері тыйылмай келеді. Қазірге дейін 11 мың адам эвакуацияланған. Табиғи апат елді мекендегі ғимараттарды қиратып кеткен. Мамандар алдағы күндері жауын-шашын бірнеше күн қатарынан болады дейді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!