Қытайда тұратын қазақстандық әйел вирусқа байланысты онда не болып жатқанын айтып берді

15:17, 22 қаңтар 2020

Бүгін Қытайда жаңа вирусты 440 адам жұқтырғаны, олардың көпшілігі Ухан қаласынан екені, сондай-ақ бұл қауіпті дерттен тоғыз адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Zakon.kz тілшісі Гирин провинциясының Чанчунь қаласында тұратын қазақстандық Екатерина Әлиевамен сөйлесіп, онда шынымен де қазір не болып жатқанын сұрап-білді.

Бетпердені тонналап сатып алып жатыр, қазір оны таппай жүргендер де көп. Оның үстіне қазір - Жаңа жыл, бұл мерекеде қытайлардың көпшілігі туған-туыстарының үйіне кіріп, бір-бірін құттықтайды. Бүкіл ел арлы-берлі жөңкіп кетеді бұл кезде, қауіптісі де сол. Сондықтан да соңғы кезде түсініксіз вирусты жұқтырғандардың саны күрт артқан, - деді ол.

Оның айтуынша, теледидарда вирус туралы мүлде айтылмайды.

- Тексеру жүріп жатқан жоқ, вирус туралы ақпарат жария айтылмайды. Барлық мектептер, дүкендер - бәрі де жабық, жұмыс істемейді, тіпті такси, автобус және метро да жұмысын бәсеңдеткен. Вирус туралы ақпарат тек мессенджер арқылы тарауда. Телефонында VPN белгісі барлар халықаралық сайттардан орыс және ағылшынша ақпараттардың скриншоттарын алып, бір-біріне лақтырып жатыр. Вирус туралы білетіндер сыртқа шығуға қорқып, үйінде отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!