Қытайда 300 метрлік ғимарат қисайып, жұрт дүрлікті

09:51, 19 мамыр 2021
810

© Сурет: видеодан алынды

Қытайдың өз "Пизан мұнарасы" бар. Сол аяқ-асты қисайып, бүкіл халықты дүрліктірді, деп хабарлайды zakon.kz.

18 мамырда Шэньчжэньде 300 метр биік ғимарат кенеттен қисайып, жүздеген тұрғындар мен туристерді қатты шошытты, деп жазады Life.ru.

Бұған не себеп болғаны белгісіз. Қалада жер сілкінісі мен қатты жел болмаған.

SEG Plaza ғимаратында болған адамдар әлдебір қозғалысты айқын сезінгендерін айтады. Содан кейін де сыртқа лап қойған. Сырттағылар да ғимараттың қисайып бара жатқанына куә болған. Аяқ-асты жұрт у-шу болып, дүрбелеңге жол берді.

1,5 сағат ішінде ғимаратта ешкім қалмады. Оны жауып тастады. Сондай-ақ, көп қабатты ғимараттың маңындағы жолдар да жабылып, жалпы қозғалысқа шектеу қойылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!