Қытайда лай көшкінінен қаза тапқандар саны 10 адамға жетті

16:43, 18 наурыз 2019

Қытайдың Шаньси провинциясында лай көшкінінен ажал құшқандардың саны 10-ға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін 7 адам қаза тапты деп хабарлаған болатынмыз. Одан бөлек онға жуық тұрғын ізім-ғайып жоғалған. Табиғат апаты Цзао-линь ауылында орын алды. Лай жүрген өңірлерде тұрғын үйлер қирады. Мамандар үйінділер астынан 16 адамды аман алып шықты. Жарақат алған тұрғындар дәрігерлердің жіті бақылауында. Аймақта құтқару-іздестіру операциясы жалғасып жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!