Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 490 адамға жетті

08:29, 5 ақпан 2020
1144

Қытайда коронавирустың жаңа түрінен туындаған пневмонияға шалдыққандардың жалпы саны 24,3 мың адамға жетті, 490 адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұған дейін ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті ресми түрде 20,4 мың науқас тіркеліп, 425 адам қайтыс болғанын хабарлаған еді.

4 ақпандағы түндегі жағдайға сәйкес, мемлекеттік денсаулық сақтау комитетіне 31 провинциядан (аудандар, орталыққа қарайтын қалалар) коронавирустың жаңа түрінен туындаған пневмонияның 24 314 жағдайы расталғаны туралы ақпарат келіп түсті, оның ішінде 319-ы ауыр жағдайда, 490 адам қайтыс болды, 892 адам ауруханалардан шығарылды, - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте 3,8 мың жаңа жағдай анықталды. Сонымен қатар Гонконгте 18 жағдай анықталды, 1 адам қайтыс болды, Макаода 10 және Тайваньда 11 науқас тіркелді.

Сонымен қатар, коронавирус күдігімен тағы 23,2 мың адам бақылауға алынды. Қазіргі уақытта науқастармен тығыз байланыста болған 185,5 мыңға жуық адам бақылауда.

2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына елдің орталық бөлігінде орналасқан Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлаған.

Сарапшылар аурудың қоздырғышын анықтады – бұл 2019-nCoV коронавирус.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!