Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 9692 адамға жетті

11:13, 31 қаңтар 2020
1405

Қытайда коронавирустың жаңа түрінен пневмонияға шалдыққандар саны 9 692 адамға жетті, бұл әлем бойынша тараған SARS коронавирусы індетіне қарағанда әлдеқайда көп, деген мәлімет таратты Қытайдың мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Ал Қытайда коронавирус ауруынан көз жұмғандар саны 213 адамға жетті.

Бір күн бұрын ресми түрде 7111 науқас және 170 өлім туралы хабарланған.

Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, анықталған аурулар саны бойынша бірінші орында Хубей келеді (инфекцияның 5,8 мыңнан астам жағдайы тіркелді, 204 адам өлген) және осы провинцияның орталығы – Ухань қаласы.

Одан кейін Чжэцзян (428 адам вирус жұқтырған), Гуандун (354 жағдай) және Хэнань (278 инфекция, екі өлім) провинциялары тұр.

Пекинде 121 науқас тіркелді (біреуі қайтыс болды), Ресеймен шектесетін Хэйлунцзян провинциясында 44 адам анықталды, оның екеуі қайтыс болды.

Инфекция ең аз тіркеген құрлықтық Қытай аймақтарының қатарына Тибет автономды ауданы, Цинхай, Гуйчжоу және Цзилинь провинциялары, сондай-ақ Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы жатады.
Қытайдың барлық басқа аймақтарында да инфекция жұқтыру оқиғалары анықталған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!