Қытайда 50-ге жуық жоғары шенді әскерилер қызметтен кетеді

15:21, 15 қаңтар 2017

ҚХР Халықтық-азаттық әскерінің 50-ге жуық жоғары шенді әскерилері жақын арада қызметтен кетеді.

South China Morning Post газетінің оқиғамен жете таныс дереккөзіне сілтеме бере отырып жазғанындай, басшылықтағы мұндай өзгеріс жаңа әскери буынның қызметін өсірумен байланысты. 

Сондай-ақ жоғары шенді әскерилердің қатарында 18 генералдың бар екендігі аталып өтіледі. Хабарламада айтылғандай, кейбір әскери қызметкерлер зейнеткерлікке шығуларына байланысты қызметтерін доғарады.   

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!