Қытайда ер адам H7N9 құс тұмауынан көз жұмды

21:09, 14 қаңтар 2017
224

Марқұм елдің шығысындағы Хэнань провинциясының тұрғыны болып шықты. 36 жастағы ер кісі көшеде қуырылған үйрек етін сатумен айналысқан. 

Оның соңғы уақытта 16 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Дәрігерлер барлығын жіті бақылауға алған.

Жалпы бұған дейін тағы бірнеше қытайлықтың H7N9  құс тұмауын жұқтырғаны мәлім болды. Олар негізінен елдің оңтүстік-шығыс және шығыс аудандарының тұрғындары. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!