Қытайда 5,1 балдық жер сілкінісі болды

11:33, 3 ақпан 2020

Дүйсенбі күні Қытайдың Сычуань провинциясында күші 5,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы елдің сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап, ТАСС агенттігі хабарлады.

Жер асты дүмпулері Чэнду қаласының Цинбайцзян ауданында жергілікті уақыт 00.05-те (19.05 - жексенбі) сезілген. Табиғи апат ошағы 21 шақырым тереңдікте орналасқан.

16,33 млн халқы бар Чэнду қаласында бұл табиғи апаттан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!