Қытай миллиардері Джек Ма отставкаға кетті

15:49, 10 қыркүйек 2019

Alibaba компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы, миллиардер Джек Ма директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті.

Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап, "Хабар-24" хабарлады.

Оның айтуынша, Джек Маның қызметтік орнына бас директор Дэниэл Чжан келді. Агенттіктің пікірінше, Alibaba компаниясының негізін қалаушы алдағы уақытта да компанияның маңызды шешімдерін қабылдауда өзіндік рөл атқарады.

Джек Ма 2018 жылы 10 қыркүйекте бір жылдан кейін отставкаға кететіні туралы жариялаған. Джек Ма Alibaba-ны 1999 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында ашты және оны әлемдегі ең ірі электронды сауда және сандық төлем компаниясына айналдырды. Бизнесмен Қытайдағы ең бай адамдардың бірі болып табылады. Ол былтырғы компания жобасына Димаш Құдайбергенді де қатыстырған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!